×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Түрмеде сотталғандарды дедектете еден жуғызған видео тарады

09.11.2023, 08:33
Фото: Скриншот

Әлеуметтік желілерге тараған видеокадрларда сотталғандарды дедектетіп еден жуғызғаны көрінеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алдын ала таратқан ақпараттарға қарағанда, оқиға Қарағанды облысындағы ерекше режимдегі колонияда болған. Кадрларда лыпамен ғана жүрген сотталғандарды жылдам әрі жіті еден жуғызуға мәжбүрлеген.

Сонымен бірге сотталғандарды мекеме әкімшілігіне бағынатын басқа сотталғандар мәжбүрлеп жүргені көрінеді. Осылайша, “сотталғандарды тәрбиелеу” жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.

ІІМ оқиға бойынша пікір білдірген жоқ.

Жалпы Қазақстанда түрмеде азаптаулар жиі тіркеледі. Мәселен, қыркүйекте Ақмола облысындағы түзету мекемесінде күзет қызметкерлерінің сотталған азаматты сабап жатқан видеосы тараған. Кейін видеодағы азамат Тимур Дәнебаев екені анықталған.

Серіктес жаңалықтары