×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Ақтаулық спортшының өлімі: екі полицей қызметінен босатылды

09.11.2023, 15:49
фото: ашық дереккөзден

Ақтауда спортшы Валерия Шальнованы өлтіру және зорлау ісі бойынша полицейлерді тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Lada.kz жазуынша, Өзіндік қауіпсіздік департаменті екі полицейдің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісін тексергеннен кейін тәртіптік комиссияның шешімімен олар қызметінен босатылды.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді (ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы).

«Тергеудің толықтығын, объективтілігін және жан-жақтылығын қамтамасыз ету мақсатында тергеу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүктелді», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық прокуратурасы.

Құзырлы орган өкілдері қызметкерлерді қызметінен босату оларды жұмыстан шығаруды білдірмейтінін атап өтті. Соңғы шешім Антикор толық тексеру жүргізгеннен кейін қабылданады.

Еске салайық, ақтаулық спортшы Валерия Шальнованы өлтіріп, зорлау фактісін тергеп жатқан полицейлердің үстінен іс қозғалған болатын.

Бұған дейін зардап шеккен тараптың адвокаты Ажар Әбділ кейбір құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмысты жасыруға тырысып, оның дер кезінде ашылуына белгілі бір кедергілер жасағанын айтқан болатын.

Алайда Маңғыстау облыстық полиция департаменті Валерия Шальнованы өлтіру туралы істі тәжірибелі қызметкерлер тергеп-тексерген, ал полицейлердің сот төрелігіне кедергі келтіргені туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары