×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Ақтаулық спортшының өлімі: полиция өз қызметкерлерінің кінәсіздігіне сенімді

31.10.2023, 09:03
фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Валерия Шальнованы өлтіру туралы істі тәжірибелі қызметкерлер тергеп-тексерген, ал полицейлердің сот төрелігіне кедергі келтіргені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“02 шілдеде сағат 08:05 шамасында Ақтау қаласы ПБ Кезекші бөліміне №6 өндірістік аймақта орналасқан су алатын арнада әйел адамның мәйіті жатқандығы туралы хабарлама түсті. Мәйітке сарапшылардың қатысуымен қарау жүргізу және ашу кезінде алдын ала зерттемесі бойынша суға тұншығу салдарынан болуы мүмкін делінген, сол себепті аталған дерек, СДТТБТ-не «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» фактісімен тіркелген. Алайда, істің мән-жайын анықтау мақсатында Полиция Департаментінің бастығы Дуйсембаев Аян Сабитұлының тікелей нұсқауы негізінде, қылмыстық істің ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігіне, яғни «Адам өлтіру» дерегіне қайта дәрежеленді. Тергеп-тексеру кезінде арнадан табылған мәйіт Шальнова Валерия Николаевна екені анықталды”, – деп мәлімдеді ведомство.

Полиция өлім себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалғанын, тәртіп сақшыларының бастамасымен Ақтөбе қаласынан сарапшылар шақыртылып, комиссиялық сараптама жүргізілгенін алға тартып отыр.

Комиссиялық сараптама қорытындысына сай, В.Шальнованың өлімі механикалық асфиксиядан, жоғарғы тыныс жолдарының сумен жабылу нәтижесінен болған, сонымен қатар тірі кезінде В.Шальнованың бастың жұмсақ тіндерінде, ерінінде, мойнында, аяқтарында жеңіл дәрежеде дене жарақаттары анықталды.

“Полиция департаменті басшылығының нұсқауымен тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел тергеу тобы құрылып, күдіктінің қылмыстық іс-әрекетін дәлелдеу мақсатында бірқатар сараптамалар тағайындалып, жедел-іздестіру шараларымен қажетті тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілді. Нәтижесімен, күдіктінің «Адам өлтіру» дерегімен қоса, В.Шальнованың өліміне дейін ұялы телефонын тартып алғаны және соңғыға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасағаны дәлелденіп, қосымша ҚР ҚК-нің 191-бабының 1-бөлігімен және 121-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Аталған іс бойынша Ақтау қаласының тұрғыны, 32 жастағы күдікті ұсталып, «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды”, – дейді департаменттегілер.

Сондай-ақ, полиция департаменті әлеуметтік желілерде көрсетілген, В.Шальнованың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеген қызметкерлер сот алдында жауап береді деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын, өйткені, қылмыстық іс департамент бастығының жеке қадағалауында болғанын мәлімдеді.

“Істі тәжіребелі тергеушілер тергеп-тексеру әрекеттерін сапалы жүргізіп, күдіктінің қылмыстық іс әрекетін толық дәлелдеп сотқа жолдады. Тергеп-тексеру кезінде жәбірленушінің уәждері толық көлемде тексерілді. Қылмыстық іс тергеу кезінде жедел тергеу тобына іс бойынша жәбірленуші тараптан арыз шағым түскен жоқ. Тергеп-тексеру кезінде іс бойынша барлық қатысушы тараптарға ҚР ҚПК-нің 201-бабына сай, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу жөнінде жазбаша қолхат арқылы ескертілді”, – дейді полицейлер.

Еске салайық, ақтаулық спортшы Валерия Шальнованы өлтіріп, зорлау фактісін тергеп жатқан полицейлердің үстінен іс қозғалған болатын.

21 жастағы спортшыны өлтіріп, зорлау фактісі бойынша материал жинаған полиция қызметкерлеріне "қызметтік өкілеттігінің шегінен шығып кетті" деген айып тағылып отыр.

Бұған дейін зардап шеккен тараптың адвокаты Ажар Әбділ кейбір құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмысты жасыруға тырысып, оның дер кезінде ашылуына белгілі бір кедергілер жасағанын айтқан болатын.

 

 

Серіктес жаңалықтары