×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Сұрақты сотқа қойыңыз»: Әшімбаев жабық режимдегі сот істері жайлы

10.11.2023, 14:18
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қаңтар оқиғаларына және белсенділерге қатысты кейбір сот істерінің жабық режимде өтуі сотқа деген күмәнді туғызбай ма? Неліктен ел аузындағы соттар жабық өткізіліп жатыр? Бұл сұрақты Ulysmedia.kz тілшісі Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевқа қойды.

«Жабық сотты судьяның өзі шешпейді. Заңнамада көрсетілген критерийлер бар. Сол критерийлерге сот процесі сай келіп жатса, сол кезде ғана соттың осындай шешім қабылдауға құқығы бар. Құпия бір деректер болса, ұлттық қауіпсіздік мәселесіне қатысты сұрақтар көтерілсе, сол кезде сот осындай шешім қабылдайды», - дейді Әшімбаев Сенат кулуарында.

Сенат төрағасы нақты істердің неліктен жабық өткізіліп жатқанын «айту қиын» екенін атап өтті. Ішіндегі деректерді, себептерін білмейтінін жеткізді.

«Өйткені сот жабық өтіп жатыр. Бірақ енді сот осындай заңнаманың аясында сондай шешім қабылдағаны анық. Сондықтан ондай сұрақтарды сотқа қоюларыңыз керек. Жалпы біз заң шығарушы билікпіз. Жалпы заң шығарушы билік сот билігінің жұмысына араласуға құқығы жоқ. Депутат ретінде де, спикер ретінде де сот жұмысына араласа алмаймын. Егер мен аралассам, ол менің заң бұзғанымды көрсетеді. Сот тәуелсіз, заң шығарушы билік тәуелсіз жұмыс істейді», - деді Әшімбаев.

Айта кетейік, таяуда белсенді Марат Жыланбаевқа қатысты сот процесі жабық өткізілетіні белгілі болды. Сол үшін белсенді өз аузын тігіп тастап, аштық жариялаған. Экс-депутат Нұржан Әлтаевтың да сотын судья жабық өткізуді жөн деп шешкен. Одан бұрын Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан 4 жасар Айкөркем Мелдеханның өліміне қатысты іс те, Қаңтар оқиғаларынан кейін ұсталған Қайрат Құдайберген, Арман Жұмагелдиевке қатысты істер де жабық.

Серіктес жаңалықтары