×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қостанайда KIA зауытының құрылысы басталды

11.11.2023, 17:13
primeminister.kz

Қостанайда Kia автокөліктерін шығаратын толық циклді зауыттың құрылысы басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ірі өнеркәсіптік нысан құрылысының басталуы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен оңтүстіккореялық компания басшылығы арасындағы келісімдердің нәтижесі болды. Биыл қаңтарда Қостанайда Kia автокөліктерінің шағын өндірісін іске қосу рәсіміне қатысқан президент өнеркәсіптік кооперацияны одан әрі кеңейту және машина жасау базасын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Жаңа зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 70 мың автокөлікті құрайды. Жалақысы жоғары 1500 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Жобаға 250 миллион долларға жуық шетелдік инвестиция салынады.

Роман Скляр өз сөзінде Kia компаниясы тарихта алғаш рет бірлескен кәсіпорынға тікелей инвестиция салып, Оңтүстік Кореядан тыс жерде зауыт салып жатқанын атап өтті.

«Қостанайда Kia автокөліктерін шығаратын толық циклді зауыт құрылысын машина жасау саласы үшін нағыз серпінді жоғары технологиялық жоба деп атауға болады. Бұл жоба нақты мультипликативті ықпалға ие, инженерлік-техникалық кадрлардың жаңа буынын даярлау деңгейін арттырады, сонымен қатар локализацияны дамытудың келесі кезеңіне өтуді айтарлықтай жылдамдатады», - деді Скляр.

Құрылыс жұмыстарын 2024 жылы аяқтау көзделген. Осыдан кейін жабдықты орнатыла бастайды. Зауыттың тәжірибелік тұрғыда 2025 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады. Ал толық өндірістік цикл екінші тоқсанда ашылады.

«Kia-ның Қазақстан экономикасының дамуына үлес қосу мүмкіндігіне ие болуы үлкен мәртебе және мақтаныш! Жаңа зауыт азаматтар, университет түлектері мен инженерлер жылдар бойы жоғары деңгейдегі жұмыс тәжірибесін ала алатын бірегей жұмыс орнын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады деп сенемін», - деді Kia корпорациясының президенті және бас атқарушы директоры Хэо Сон Сонг.

Оңтүстіккореялық компанияның автомобиль өнеркәсібіндегі жергілікті қамту деңгейін арттыру тұрғысынан Қазақстанның индустриялық саясатын толық қолдайтыны аталып өткен. Осылайша, Kia қазірдің өзінде Қостанайда локализация орталығын ашу бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр. Мұнда шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен автокомпоненттерді шығаратын болады.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов озық әлемдік тәжірибені пайдаланатын заманауи жоғары технологиялық кәсіпорынның іске қосылуы республиканың автомобиль өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін арттыруға септігін тигізетініне сенімді.

«Машина жасауды дамыту өңірдің дамуына мультипликативті әсер етеді. Атап айтқанда, машина жасауда бір жұмыс орнының ашылуы сабақтас салаларда бес-алты жұмыс орнының ашылуына әкеледі. Өндірісті оқшаулау деңгейін арттыру үшін жаңа зауыттың айналасында бөлшектер мен жинақтауыштарды жеткізуші ретінде шағын және орта бизнес белдеуі құрылады», - деді Құмар Ақсақалов.

Оңтүстік Кореяның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Тэ-ик Джо 30 жылдан астам уақыттан бері Қазақстан мен Оңтүстік Корея өзара тиімді серіктестікті дәйекті түрде нығайтып келе жатқанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары