×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Желіде Мирзиёевті жамандаған жігіт сотталып кетті

13.11.2023, 09:41
фото: ашық дереккөзден

Өзбекстанның Самарқан облысында президентке тіл тигізген жас жігіт 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Gazeta.uz порталының жазуынша, сот үкімімен оның желідегі парақшасы бұғатталады.

Іс материалдары бойынша, биыл жазда 19 жастағы жігіт әлеуметтік желіде жарияланған "President family" деген видеоға өз пікірін жазған. Ол кезде шетелде жүрген. Ал сот сараптамасы кезінде президентке "тіл тигізу мен оның беделін түсіру" әрекеті анықталған. Соның негізінде қылмыстық іс қозғалған.

Айыпталушы сотта ол өз кінәсін толығымен мойындады. Айтуынша, таныстарының ақыл-кеңесінен кейін желідегі пікірін алып тастаған. Ал қылмыстық іс қозғалғанын естіген кезде өз еркімен елге оралуға шешім қабылдапты.

"Сотталушы президент Шавкат Мирзиёев жүргізіп жатқан саясатқа қарсы шықпағанын, жастық пен көп нәрсені түсінбегеннен кейін президентке тіл тигізетін сөз жазғанын айтты", - делінген Қаттақорған аудандық сотының мәліметінде.

Айта кетейік, бұдан бұрын Астана мектебінде қатарласын балағаттаған оқушы қызға үкім шыққан.

Серіктес жаңалықтары