×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Визасыз режим: қазақ-қытай шекарасында жеке тұлғаларды өткізу тоқтатылды

13.11.2023, 13:06
фото: ашық дереккөзден

10 қарашадан бастап Қытаймен шекарадағы «Бақты (ҚР) – Покиту (ҚХР)» өткізу пунктінде жеке тұлғалардың өткізілуі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, екі ел арасында визасыз режим күшіне енуіне байланысты мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қытай учаскесіндегі өткізу пункттерінде жеке тұлғалардың өту қарқыны күшейеді деп күтілуде.

“Қазіргі уақытта Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттерін нақты жабусыз жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру бойынша жұмыс жүргізуде. Оның ішінде Абай облысының «Бақты» өткізу пункті де бар. Бұл ретте «Бақты» өткізу пунктінде қазіргі уақытта шекарадан өту келісілген уақытша технология бойынша жүзеге асырылады. Сәйкесінше,  реконструкциялау уақытына бақылау барысында жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ. Екі тарап азаматтарының қауіпсіздігі мақсатында 2023 жылғы 10 қарашадан бастап реконструкциялау кезеңінде Абай облысының «Бақты (ҚР) – Покиту (ҚХР)» өткізу пунктінде жеке тұлғалардың өткізілуі уақытша тоқтатылады.”, – делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысының «Майқапшағай (ҚР) – Зимунай (ҚХР)», Жетісу облысының «Алакөл (ҚР) – Алашанькоу (ҚХР)», «Нұр жолы (ҚР) – Қорғас (ҚХР)», Алматы облысының «Қалжат (ҚР) – Дулаты (ҚХР)» өткізу пункттерінде жеке тұлғалардың өтуін ұйымдастыру штаттық режимде жүзеге асырылмақ.

Ведомство Қытай Халық Республикасына тек жоғарыда аталған өткізу пункттері арқылы шығуды алдын-ала жоспарлауды өтінді.

Еске салайық, 10 қарашадан бастап Қазақстан және Қытай басшылары қол қойған визасыз режим туралы келісім негізінде жеке, іскерлік және емдеу мақсатында екі тараптың азаматтары үшін 30 күн (туристік) мерзімге визасыз режим күшіне енді.

 

Серіктес жаңалықтары