×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Бүгіннен бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшіне енді

10.11.2023, 07:54
Коллаж: ulysmedia.kz.

Екі елдің визалық талаптардан өзара босату туралы келісімі 10 қарашадан бастап күшіне енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Келісімде тараптардың бірінің азаматтары, жарамды жол жүру құжаттарының иелері аумақ арқылы кіру, шығу, транзит үшін жеке істерді, туризмді, емдеуді, халықаралық тасымалдарды, транзитті, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды (келісімшарттар жасасу, келіссөздер жүргізу, консультациялық қызметтер көрсету және басқа да іскерлік мақсаттарды) жүзеге асыру мақсатында екінші тараптың мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен аспайтын кезеңге 180 күнтізбелік күн ішінде жиынтық 90 күнтізбелік күн визалық талаптардан босатылатыны айтылған.

Қазақстанның жарамды жол жүру құжаттары:

  • ҚР азаматының паспорты;
  • ҚР-ға оралу туралы куәлік.

Қытайдың жарамды жол жүру құжаттары:

  • ҚХР азаматының жартылай қызметтік паспорты;
  • ҚХР азаматының әдеттегі төлқұжаты;
  • ҚХР уақытша жол жүру құжаты.

Еске салайық, Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим енгізу туралы келісімге Тоқаевтың мамыр айындағы ҚХР-ға сапары кезінде қол қойған.

Сол сапарында Қазақстан президенті екі ел арасында визасыз режим енгізу туралы пікір білдірген.

Серіктес жаңалықтары