×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

65 қазақстандыққа Газадан шығуға рұқсат берілді

14.11.2023, 11:25
65 қазақстандыққа Газадан шығуға рұқсат берілді
AFP

Азаматтарды эвакуациялау "Рафах" бақылау-өткізу пункті арқылы жүргізілетін болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Газа секторының шекара өткелдерінің бас басқармасында эвакуация туралы ақпарат жарияланды.

"Қазақстан" бағанында 122 азамат тізімделген, оның 65 – і-қазақстандықтар. Қалғандары – олардың отбасы мүшелері.

Бұған дейін ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров біздің азаматтарды Газа секторынан эвакуациялау процесі басталғанын мәлімдеген. Сондай-ақ, ол отандастарымыз эвакуациялау кезінде қандай қиындықтарға тап болып жатқанын айтты.

Еске сала кетейік, 7 қазанда палестиналық ХАМАС қозғалысы Израильге қарсы шабуыл жасады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыран атылып, қарулы топтар Израиль елді мекендеріне кірді. Бұған жауап ретінде Израиль армиясы ондаған жойғыш ұшақты пайдаланып, Газа секторында Хамасқа қарсы «Темір қылыштар» операциясын бастағанын хабарлады.

Қазақстан ХАМАС-тың  израильдік бейбіт тұрғындарға шабуылын және шетел азаматтарын кепілге алуын айыптады. Сондай-ақ, еліміз Израильді Газа секторында көптеген бейбіт тұрғындардың қаза болуына және азаматтық инфрақұрылымның жойылуына әкеліп соғатын пропорционалды емес күш қолданудан бас тартуға шақырды.

Сондай-ақ, Қазақстан 120 елмен бірге Таяу Шығыста тез арада атысты тоқтатуды талап ететін қарарды қолдады. Көпшілік дауыспен БҰҰ Бас ассамблеясы бір топ араб елдері ұсынған Израиль мен Хамас арасында Газа секторындағы атысты тоқтатуды талап ететін қарарды мақұлдады. Бұл қарарға 120 ел дауыс берді, Израиль мен АҚШ-ты қосқанда 14 ел қарсы болды. Тағы 45 ел, оның ішінде Украина да қалыс қалды.

Бұдан бұрын Газа секторында Қазақстан азаматы қаза тапқаны хабарланған.

6 қарашада өткен брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров қақтығыс аймағында Қазақстанның 76 азаматы, отбасы мүшелерімен бірге санағанда 161 адам барын мәлімдеді.