×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Түрмеде терроризмді насихаттаған тараздыққа үкім шықты

14.11.2023, 13:38
фото: ашық дереккөзден

Қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде терроризмді насихаттаған азамат сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Тараз қалалық сотының үкімі бойынша сотталушы Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігінде қарастырылған қылмысты жасады деп айыпталып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

9 қарашада сот үкімі заңды күшіне енді. Анықталғандай, сотталушы жазаларын өтеуші адамдардың арасында радикалды идеологияны таратқан. Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденді.

Айта кететіні, сотталған 2018 жылдан бері кісі өлтіруге оқталғаны үшін жазасын өтеуде.

ҰҚК материалдары бойынша 2023 жылдың басынан ҚАЖ мекемелерінде терроризмді насихаттағандары үшін 5 адам әртүрлі жаза өтеу мерзімдеріне кесілді.

Еске салайық, бұдан бұрын терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырған шымкенттікке үкім шықты.

Серіктес жаңалықтары