×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Түркістан облысында 32 млн теңгенің құмы заңсыз өндірілген

14.11.2023, 14:43
көрнекі фото

Түркістан облысында заңсыз жер қойнауын пайдалану фактісін анықталды, келтірілген залал шамамен 32 миллион теңгені құрайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Түркістан облысының полиция департаментінің мәліметінше, арнайы жедел-тергеу тобы жедел-іздестіру шаралары барысында Жетісай ауданының аумағында заңсыз жер қойнауын пайдаланумен айналысқан Түркістан облысы мен Шымкент қаласының 4 тұрғынын анықтады.

Олардан 1 жүк тиегіш және Хово 12 жүк автокөлігі тәркіленді. Автокөліктер тұраққа қойылды.

“Қазіргі уақытта олардың құмды заңсыз өндіруге қатысы бар екендігі дәлелденді, ал келтірілген шығын шамамен 32 миллион теңгені құрады. Бүгінде ҚР ҚК-нің 334-бабы 2-бөлігі (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, жуырда Атырауда топырақты заңсыз сатқан компанияға 851 млн теңге айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары