×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

«ӨзенМұнайГаз» басшылығына қарсы қылмыстық іс сотқа жолданды

16.11.2023, 09:51
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Өзенмұнайгаз АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"ӨМГ" АҚ бас директорының орынбасары Б.Мәмбетсапаевтың іс-әрекеттері өз таныстарын жалған жұмысқа орналастыру жағдайында лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану ретінде сараланады. Олардың іс жүзінде жұмыс істемей, негізсіз жалақы алғаны хабарланады.

"ӨМГ" АҚ бас директорының басқа бұрынғы орынбасары Е.Қарамұрзаевқа жекелеген компаниялардың мүддесін қорғағаны үшін айып тағылды. Тергеу нұсқасы бойынша, ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша сатып алуға басқа қатысушылардың мүдделеріне нұқсан келтіріп, 623 млн теңге сомасына аса ірі мөлшерде залал келтірген заңсыз тендер өткізілген.

"ӨМГ" АҚ Мұнай-газ өндіру басқармасының директоры мен өнім берушіге сөз байласқаннан кейін 294 млн теңге сомаға сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп, ысырап етті деген айып тағылған.

– Қылмыстық істердің бәрі сотқа жолданды. ҚР ҚҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жарияға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп есептеледі", - деп атап өтті ведомствода.

Маусым айында "ҚазМұнайГаз" ҰК жұмыс тобы ӨМГ қаржы-шаруашылық қызметін талдау нәтижелері бойынша 118 бұзушылықты анықтағаны хабарланған еді. Оның ішінде 7 факті бойынша материалдар құқық қорғау органдарына берілген. Бірнеше күннен кейін "Өзенмұнайгаз" бас директорының орынбасары Бауыржан Мәмбетсапаев ұсталды.

Серіктес жаңалықтары