×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Самұрық-Қазынаның" Назарбаев басқарған кеңесі таратылды

16.11.2023, 10:25
"Самұрық-Қазынаның" Назарбаев басқарған кеңесі таратылды
коллаж Ulysmedia.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорын басқару жөніндегі кеңесті тарататын құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2012 жылдың 1 ақпандағы ҚР "Ұлттық әл -ауқат қоры туралы" Заңында 6-1-бап ("қорды басқару жөніндегі кеңес") алып тасталсын", - делінген құжатта.

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарған Кеңес консультативтік-кеңесші орган болды. Оның міндеті Қор қызметінің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру болды.

Бұған дейін Назарбаевтың соңғы лауазымы жойылғаны хабарланған еді.

Еске салайық, өткен жылы парламент Қазақстанның “Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы” заңның жойылуына байланысты дауыс берген болатын. Осыдан кейін депутаттар экс-президентті барлық өкілеттіктері  мен мәртебелерінен айыра бастады.