×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Еуродақ санкцияларының 12-ші пакеті: Қазақстанның қандай компаниялары шектеуге ілінуі мүмкін

16.11.2023, 14:57
Коллаж: ulysmedia.kz.

Еуропа одағы Қазақстанның екі компаниясына санкция салуы ықтимал, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстанның қандай компаниялары бар

Еуропа одағының Ресейге қарсы санкцияларының 12-ші пакетінің жобасына үңілсек, шектеуге “Аспан Арба” және Da Group 22 компаниясы ілінуі мүмкін.

“Аспан Арба” – қайдан шыққан компания?

Бұған дейін журналистер 2022 жылы Ресейге қазақстандық “Аспан Арба” компаниясы 500 дрон жеткізгенін анықтаған еді. Компания Қазақстанда 2022 жылы сәуірде – соғыс басталғаннан кейін тіркелген.

“Аспан Арба” компаниясының атауы Илья Гольбергтің “Небесная механика” компаниясына атауы ұқсайды. Оның да құрылтайшысы – “Аспан арба”. “Аспан Арбаның” қазіргі директоры Михаил Сапожников бұрын Гольбергпен бірге “Небесная механиканың” иесі болған. “Аспан Арба” сайтында көрсетілген телефон нөмірлері “Небесная механика” қызметкерлерінің нөмірі ретінде көрсетіледі”, – делінген зерттеуде.

Da Group 22 несімен танымал

Компания 2022 жылдың наурызында құрылған. Иесі әрі жетекшісі — Александр Чернет.

2022 және 2023 жылдың басында немістің ELIX-St компаниясы Da Group компаниясына Analog Devices, Infineon, Texas Instruments, STMicroelectronics сияқты өндірушілердің өнімдерін қоса алғанда, 800 мың доллардан астам соманың құралын Қазақстанға жіберген. Da Group оның алдында Ресеймен бұдан былай ынтымақтаспаймыз деп мәлімдеген. Da Group өз кезегінде компоненттерді Ресей Федерациясына, негізінен "Стэк" компаниясына жібереді. Сонымен, 2023 жылдың қаңтарында da Group Германиядан Elix-St-тен 2598 Ensemi маркалы интегралды чиптерді алған. Сол айда da Group Германиядан 2598 чипті Ресейдің "Стэк" компаниясына жіберген. Бұл ретте 2018-2021 жылдары, яғни соғысқа дейін ELIX-St тауарларды Қазақстанға мүлде әкелмеген.

Неміс компаниясы журналистердің сұрақтарына берген жауабында "Da Group компаниясының құрылу тарихын білмейтінін" хабарлаған. Чернеттің Da Group иесі емес екендігінің дәлелі ретінде Elix-St Мемлекеттік тізілімнен ескірген үзінді көшірмені жіберген, онда иесі ретінде Дастан Ахматбеков көрсетілген.

ЕО санкциясының 12-ші пакеті

Еуропалық дипломатия басшысы Жозеп Боррель еурокомиссиямен бірлесіп, Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетінің жобасын Еуроодақ кеңесіне тапсырған болатын.

Боррелдің айтуынша, жаңа пакетке, басқалармен қатар 120 жеке және заңды тұлғаларға қатысты жеке санкциялар, экспорт пен импортқа жаңа шектеулер, сондай-ақ мұнай бағасының шегі мен қолданыстағы санкцияларды айналып өтуге байланысты шаралар кіреді.

– Ұсынылған шаралар Украинаның уақытша басып алынған аумағында "сайлау" өткізгендерге, украин балаларын мәжбүрлеп "қайта тәрбиелеуге" жауапты адамдарға, сондай-ақ Украинаға қарсы ресейлік агрессияны қолдау үшін жалған ақпарат пен үгіт-насихат таратушыларға бағытталған", - делінген Еуропалық сыртқы саяси қызметтің мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, Еуродақ басшылығы Ресейге қарсы санкциялардың соңғы 12-ші пакетін жариялауға дайындалып жатыр. Оған 30-дан астам компания, оның ішінде Қазақстан компаниясы да кіруі мүмкін.  Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы расында да, қазақстандық компаниялар санкцияға ұшырауы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Серіктес жаңалықтары