×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Ресейге Қазақстан арқылы чиптер мен дрондар жеткізілген: министр жағдайды түсіндірді

24.05.2023, 12:24
Ресейге Қазақстан арқылы чиптер мен дрондар жеткізілген: министр жағдайды түсіндірді
OCCRP

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандық "Аспан Арба" компаниясының Ресейге дрондар мен чиптерді жеткізуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Өткен айда бізге АҚШ-тан, Еуропадан арнайы делегация келді. Олар өз ұсыныстарымен бөлісті. Олар Қазақстанға, Қырғызстанға, Өзбекстанға барды. Егер қандай да бір қауіп төнген тауарлар сол жерге жетсе, олар тізім береді деп келістік. Бұл тізім бойынша біз дұрыс және мұқият тексереміз. Біздің мақсатымыз – санкция салынған тауарларды өткізбеу. Егер біз тыйым салынған тауарларды анықтасақ, әрине, қажетті шараларды қабылдаймыз", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, билік кез-келген кәсіпкерді ұстап алып, оны заң бұзушы ретінде тергей алмайды.

"Сіз айтып отырған нақты компания туралы ақпаратты тексерейік. Олар берген ақпараттың ішінде сіз айтқан компания болған жоқ. Енді біз тәуекелдерді басқарудың қосымша жүйесін қосамыз, егер бұл мүмкіндікті жіберіп алсақ, біз оған жол бермейміз. Бізде декларацияны тексеруге тура келетін мыңдаған кәсіпкерлер бар, мүмкін олар тауарды басқа атаумен көрсеткен шығар", - деді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін “Важные истории” басылымы с=Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығымен (OCCRP) және Der Spiegel неміс журналымен бірлесіп, Ресейдің Украинадағы соғысқа қажетті чиптер мен дрондарды Қазақстан арқылы алуына қатысты зерттеу жариялады.