×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Санкцияға іліну тәуекелі бар – «Атамекен» басшысы

16.11.2023, 14:12
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстан компанияларының санкцияларға іліну қаупі бар. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Райымбек Баталов журналистерге берген жауабында осылай дейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бизнес белсенді ғой. Ол су сияқты. Сол себепті әлбетте, қайбір жерде санкцияға іліну қаупі бар. Оны жоққа шығармаймыз», - дейді палата басшысы.

Оның сөзінше, аталған тәуекелдерді азайту үшін ұлттық кәсіпкерлер палатасы үкіметпен, бизнес-бірлестіктермен, елшіліктермен де белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

«Біздегі сыртқы сауда палатасы Еуропа комиссиясымен, АҚШ Мемлекеттік департаментімен бизнес өкілдерінің екі-үш рет басын қосты. Өте нақты заңды шектер белгіленген. Біздің компаниялар санкцияларға ілінбей, халықаралық талаптардың бәрін көрсетіп, барынша түсіндіреміз. Себебі бизнеске көбінесе сапалы жұмыс жетпей жатады. Біз тәуекелі бар көп мәселені де шештік», - дейді Райымбек Баталов.

Еске сала кетейік, Еуродақ басшылығы Ресейге қарсы санкциялардың соңғы 12-ші пакетін жариялауға дайындалып жатыр. Оған 30-дан астам компания, оның ішінде Қазақстан компаниясы да кіруі мүмкін. 

Серіктес жаңалықтары