Жапонияның Nippon Paint Holdings Co., Ltd. бояу және лакбояу компаниясы Қазақстанның ең ірі құрылыс өнімін өндіруші Alina Group компаниясының 75% үлесін сатып алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тараптар 11 қарашада акцияны сатып алу-сату шартын жасасты. Мәмілені 2024 жылдың 1-ші жартыжылдығына жабу жоспарланған. Опцион келісіміне сәйкес, жапон тарапы қалған акциялардың 25%-ын үш жыл ішінде олардың иелері мақұлдаған кезде сатып ала алады.
Alina Group активтері 2022 жылдың желтоқсанына 98,9 миллион долларға, ал жалпы капиталы 13,4 миллион долларға бағаланған.
Компанияның негізгі иесі – кәсіпкер Ерлік Балпанбаев (91%) ие.