×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ақтөбе облысында мектеп оқушылары бейіттердегі ескерткіштерді бүлдірді

19.11.2023, 11:20

Темір ауданындағы ауылда зират арқылы өтіп бара жатқан бірнеше мектеп оқушысы бейіттердегі ескерткіштерді бүлдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кәмелетке толмаған бұзақылар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа толмағандықтан, әкімшілік сот олардың ата-аналарын құқық бұзушылық үшін айыптады. Төрт ересек адам бала тәрбиесіндегі міндеттерін орындамағаны үшін айыпталып, әрқайсысына 24 мың 150 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Кейін ата-анасын жергілікті тұрғын сотқа берді, себебі балалар оның әкесі мен анасының бейітіндегі ескерткіштерді бүлдірген. Нәтижесінде тараптар медиациялық келісімге келіп, оның негізінде сотталушылар ағымдағы жылдың соңына дейін 572 мың теңге материалдық шығынды өтеуге міндеттенді.

Серіктес жаңалықтары