×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Ресейде қазақтан шыққан танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

20.11.2023, 09:12
Фото: Ашық дереккөзден

Ресейдің Кемерово облысының бұрынғы губернаторы Аман Төлеев 79 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Амангелді Төлеев 1944 жылы 13 мамырда Түрікмен КСР-нің Красноводск қаласында Молдағазы Төлеевтің (1914-1975) отбасында дүниеге келген. Анасы Мунира Файзовна Власова (Насырова; 1921-2001), жартылай татар, жартылай башқұрт. Төлеевтің атасы Қалдыбай алашордалық белсенді болған әрі азаматтық соғыста қаза тапқан.

Төлеев Кемерово облысын 1997 жылдан 2018 жылға дейін басқарады.

Губернатордың мансабына соққы 2018 жылдың 25 наурызында Қысқы шие сауда орталығындағы өрт болды. Соның салдарынан 64 адам қаза тапты. Өрттен кейін Төлеев қайғылы оқиға орнына бармаған. Кейінірек өткен кездесуде Кемерово президенттің қатысуымен болған жиында губернатор болған оқиға үшін Путиннен кешірім сұрады. Сол жылы 1 сәуірде ол отставкаға кету туралы өтініш берді.

Серіктес жаңалықтары