×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Әкімдікпен санаспайды – Қасымбек құрылыс компанияларына ашулы

20.11.2023, 15:12
Коллаж: ulysmedia.kz.

Астанада қала әкімінің кәсіпкерлермен кездесуі өтіп жатыр. Кәсіпкерлер қала әкімі Жеңіс Қасымбек пен Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Райымбек Баталовқа өтініштері мен арыздарын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Кез келген кәсіпкер үй саламын десе, ГАСК-тан (мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мекемесі) рұқсат алуы керек. Ал қазір іс жүзінде үйлер қалай салынып жатыр. Нысан қалай қабылданады? Үй салушы мен мердігер, технадзор мен авторлық надзор… Соңғы екеуін тапсырыс берушінің өзі белгілеп алады. Шын мәнінде, тапсырыс беруші не айтса, олар – соны жазады. Не өрт сөндіру қызметі, не ГАСК – ешкім жоқ, – дейді Жеңіс Қасымбек.

Әкімнің сөзінше, қазіргі уақытта Астананың мәртебесі туралы заңға тиісті өзгерістер енгізіліп жатыр. Оған сәйкес, құрылысы аяқталған үйді қабылдауға мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы да, өрт сөндіру қызметі де енгізілетін болады.

– 2015-2016 жылы біз бизнес-процедураларды жеңілдеттік те, содан бері бақылау жоқ болып кетті. Содан кейін нақты құрылыс жоқ деп тағы шағымданамыз. Ал шын мәнінде, үй саларда ешкім әкімдіктен рұқсат алмайды. Соның салдарынан ақшасын қайтара алмай жүрген тағы екі жүз салымшы проблемасын мойнымызға артып аламыз.  Сол себепті заңға осындай өзгерістерді енгіземіз. Мемлекет басшысы Астананы дамыту жиынында осы бастамаларды қолдады. Астана мәртебесі туралы заңға аталған өзгерістер таяу арада енгізіледі, – деді Қасымбек.

Серіктес жаңалықтары