×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қазақстанда Starlink интернетін пайдалануға тыйым салынды – Бағдат Мусиннің жауабы

21.11.2023, 11:16
Коллаж: ulysmedia.kz.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Starlink интернетін қарапайым қазақстандықтар не себепті пайдалана алмайтынын айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министр заңнамалық шектеулер бар екенін және олар Илон Масктың спутниктік интернеті бұрын қолданылмаған технологияларды қолданатындығына байланысты екенін түсіндірді.

– Starlink – жаңа байланыс технологиясы. Осыдан үш жыл бұрын олар байланыс қызметтерін ұсыну үшін осы жерде жабдықты орнатып, жергілікті байланыс желілерімен интеграциялануы керек еді. Енді олар қызмет көрсете алатын елдердің аумағында тиісті жабдықты орнатудың қажеті жоқ. Бұл биылғы жылы айтылды, ал бізде заң әлі өзгертілмеген. Осы өзгерістерді енгізу үшін біз пилоттық жобаны іске асырып жатырмыз (ауылдық мектептерді Starlink интернетіне қосу – шамамен. ред) осы технологияны қарап, заңнамаға енгізілуі тиіс заңнамалық нормаларды әзірлеу керек, – деді Мусин.

Оның айтуынша, Қазақстанда Starlink интернетін пайдалану жағдайын келесі жылы реттеу жоспарланып отыр.

– Бірінші жартыжылдықта немесе екінші жартыжылдықт ма – нақты айта алмаймын. Өйткені бәрі біздің алдымен жасалған модельге байланысты. Сондықтан біз Парламент мәжілісіне келіп, талқылайтын боламыз. Егер мәжіліс қолдаса, онда заң қабылданады, - деп бөлісті Бағдат Мусин.

Еске сала кетсек, бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің байланыс саласындағы бақылау басқармасы басшысы Диас Төлегенов айтқан болатын. Ол Қазақстанда Starlink пайдалануға жеке тұлғаларға тыйым салынғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары