×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Мәселе кейінге қалды: ҚТЖ Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшартты әлі бұзбаған

21.11.2023, 11:24
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстан темір жолы компаниясының төрағасы Нұрлан Сауранбаев ұлттық тасымалдаушы Әлия Назарбаеваға тиесілі делінетін Instant Payments ЖШС-мен шартты әлі бұзбағанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz

Оның айтуынша, "мәселе ұзаққа созылып кеткен”.

– Бұл мәселе ұзаққа созылып кетті. Сұрақ туындаған кезде, жоғарғы акционер бірден акционерлер қатарынан шықты. Ол жоқ. Бұл – цифрлық жұмыстармен айналысатын адамдар тобы болатын.

Компаниямен келісімшартты қазір де бұзуға болады, бірақ өйтсек біз онлайн-сатылым жасай алмай қаламыз. Бәрін бірден жұлып алып тастау мүмкін емес. Бірақ бүгін де тапсыру актісі бар. Ашық конкурс өтіп жатыр. Компания жеңді. 1 желтоқсанда конкурста жеңіске жеткен жаңа компанияға бәрі тапсырылады, - деді ол.

Экс-президенттің қызы Әлия Назарбаева 2014 жылдан бастап ҚТЖ арқылы ақша тауып келген. Оған Instant Payments ЖШС тиесілі болды. Компания пойыздарға электрондық билеттерді ресімдеу және сатумен айналысқан.

Серіктес жаңалықтары