×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Әрең қозғалады: Әйгерім Тілеужанның жағдайы нашарлап кетті

21.11.2023, 15:24
Әрең қозғалады: Әйгерім Тілеужанның жағдайы нашарлап кетті
Фото: Ашық дереккөзден

Бір апта бұрын аштық жариялаған журналистің жағдайының нашарлап кеткенін адвокаты Айнара Айдарханова хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

«Әйгерімге кіріп шықтым. Арып-ашып, жүрген кезінде теңселіп кетеді! Аштықтың қанша дегенмен 8-ші күні», - дейді адвокат.

Ол сонымен қатар белсендінің өзін қолдаған жақтастарына арнаған хатын жариялады. 

Әйгерім Тілеужанның қамын ойлаған оқырмандар әлеуметтік желіде оны аштықты тоқтатуға шақырып, пікір қалдырып жатыр.

Әйгерім Тілеужанның 5-6 келі салмақ жоғалтқаны хабарланады. Адвокаты прокуратураға арыз жолдамақ.

11 шілдеде белсенді Әйгерім Тілеужан төрт жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Белсенді Қалас Нұрпейісов 8 жылға сотталып кетті. Нұрлан Далибаевқа да 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Ермұхамет Шілібаев пен Жанайдар Карменов та сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Шілде айының басында Әйгерім Тілеужан Бас прокурор Берік Асыловты кінәсіздік презумпциясын бұзғаны үшін сотқа берген еді. 2023 жылдың 5 қаңтарында Мәжілістің жалпы отырысында Асылов депутаттардың Қаңтар оқиғалары туралы сұрағына жауап бере отырып, Тілеужан мен белсенді Нұрпейісовті сот үкімі шықпай тұрып, "діни экстремистер", сондай-ақ "жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар" деп атаған еді.

Алайда Бас прокуратура мұны кінәсіздік презумпциясын бұзу деп есептемеді. Сот Асылов жағына шығып, журналистің талабын толық көлемде қанағаттандырудан бас тартты.

2022 жылдың басында Қазақстанда Жаңаөзенде газ бағасының көтерілуіне байланысты наразылық басталып, мұның арты ірі қалалардағы митингтерге, артынша тәртіпсіздіктерге ұласты. Оларды басу үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ елдерінің қарулы күштерін шақырды. Қазақстан билігі тәртіпсіздіктер үшін "террористерді" айыптады. Қаңтар оқиғалары кезінде 238 адам құрбан болды.