×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

ҚазМұнайГаз Доңға кен орнының 60% үлесін сатып алды

21.11.2023, 16:07
Фото: Ашық дереккөзден

Осы келісімшарттың аяқталуы компаниялар арасында толық түсіністік барын көрсететіні аталып өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазмұнайгаз Доңға кен орнында өнімді бөлу туралы шарттағы үлестің 60% сатып алынғаны туралы хабарлады.

Бұл нені білдіреді?

– ҚМГ өз кезегінде TotalEnergies EP Danmark A/S компаниясынан Total E&P Dunga GmbH компаниясының жарғылық капиталындағы 100% акцияны және сатып алу-сату шартының талаптарына сәйкес, тиісінше Доңға жер қойнауын пайдалану жобасында иелену құқығын сатып алудың аяқталғанын хабарлайды, – делінген хабарламада.

Екі тарап та мәміленің аяқталуы ынтымақтастықтың әр бағыты бойынша компаниялар арасындағы толық өзара түсіністікті тағы да көрсететінін атап өтті.

Доңға

Доңға мұнай-газ кен орны Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында орналасқан. Кен орны 1966 жылы ашылған. Доңға жобасы өнімді бөлу туралы шарт шеңберінде іске асырылып жатыр.

TotalEnergies – мұнай және биоотын, табиғи газ және жасыл газдар, жаңартылатын энергия және электр энергиясын өндіретін, сондай-ақ сататын жаһандық мультиэнергетикалық компания.

Еске сала кетейік, бұған дейін миллиардтаған теңгелік кен орындары Қазақстанның меншігіне қайтарылған болатын.

Серіктес жаңалықтары