×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қатаң режимде өмір бойы жалғыз отырады: Бес жасар қызды өлтірген қылмыскердің жазасы

22.11.2023, 07:26
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бес жасар қызды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған 48 жастағы педофил Сайдолим Гайбназаров әйгілі "қара бүркіт" түрмесінде жазасын өтейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сәбиді өлтірген қылмыскр қараша айының басында қауіпсіздігі барынша қатаң түрмеге жеткізілген. Онда ол өмірінің соңына дейін жалғыз камерада отырады. Сонымен қатар педофилді мәжбүрлі химиялық кастрация күтіп тұр. Медициналық препарат оған айына кемінде бір рет енгізіледі.

- Химиялық кастрацияға қатысты, содан кейін мекемеге келгеннен кейін мерзімін одан әрі өтеу үшін сотталған адам құрамында облыстық деңгейдегі мамандар бар мамандандырылған психиатриялық комиссиямен медициналық тексеруден өтеді. Бұдан әрі комиссияның нәтижесі бойынша сотталған адам дәрігерлік-консультациялық комиссиядан өтеді, онда химиялық кастрация жүргізу үшін препаратты тағайындау бойынша шешім қабылданады. Препарат бұлшықет ішіне екі аптада бір рет немесе айына бір рет салынады. Бұл талдау нәтижелеріне байланысты (тестостеронның төмендеуі), – деп хабарлайды Қостанай облысының ҚАЖД.

7 қыркүйекте Шымкенттегі тергеу изоляторында 48 жастағы педофил кісі өлтіруші Сайдолим Ғайбназаровқа қатысты үкім шықты.

Ер адам өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды. Сондай-ақ оған химиялық кастрация және маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

Сонымен қатар сотталған қыздың туыстарына моральдық шығын ретінде 100 миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс.

Айта кетейік, сот процесі «процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және түрлі шектен шығудың жолын кесу үшін» Шымкенттегі тергеу изоляторының аумағында өтті.

Еске сала кетейік, 13 шілде күні Түркістан облысында бұрын сотталған ер адам 5 жасар қызды зорлап өлтірген болатын. Қоғамдық наразылықтан кейін Жоғарғы сот мамыр айында педофилге жеңіл үкім шығарған Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселені қозғады.

Серіктес жаңалықтары