×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

WTA ең үздік теннисшіні анықтап жатыр: Елена Рыбакинаның бағы жана ма

22.11.2023, 14:58
Ашық дереккөзден

Әлемдік БАҚ өкілдерінің қатысуымен Әйелдердің теннис қауымдастығы (WTA) биылғы маусымның ең үздік ойыншысын анықтап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жыл сайын берілетін арнайы сыйлықтан үміткерлер қатарында Елена Рыбакина да бар. Еліміздің бірінші ракеткасы үшін биылғы мау­сым сәтті болды деп айтуға негіз бар. Жыл басында ол Мельбурнде ұйымдас­тырылған Аустралия ашық біріншілігінің финалында ойнады. Наурыз айында Индиана-Уэллстегі додада топ жарып, Майамидегі жа­рыстың ақтық сынына дейін жетті. Ма­мырда Римдегі турнирде теңдессіз деп танылды.

Осыдан бірер апта бұрын WTA-ның қорытынды жарысында өнер көрсетті. Түрлі турнирде Елена әлемдік рейтингте көш бас­тап тұрған Ига Свентекті бір емес, бірнеше мәрте ұтты. Қазіргі кезде жерлесіміз үздіктер тізімінде төртінші орынды иеленіп тұр.

Елена Рыбакинадан бөлек, арнайы сый­лықтан үміттілер қатарында польшалық Ига Свентек, белоруссиялық Арина Соболенко, аме­рикалық Кори Гауфф пен Джессика Пе­гула, чехиялық Маркета Вондроушова бар.

Серіктес жаңалықтары