×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Көңіл айтуды жөн деп санадым - Болат Назарбаевтың асында болған Әлихан Смайылов

23.11.2023, 12:53
Коллаж Ulysmedia

Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов экс-президенттің інісі Болат Назарбаевтың жаназасына не үшін барғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сұрақты сенат кулуарында үкімет басшысына журналистер қойған.

 – Ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз бар. Ол қайтыс болған адамның жақындарына, туыстарына көңіл айту. Сондықтан, мен премьер-министр ретінде тұңғыш президентке көңіл айту жөн деп санадым. Оның үстіне сол күні мен Алматы қаласында іссапарда болдым.  Ол жақта үлкен әрі маңызды жоба басталды. Ол - Алматы қаласының айналма теміржолының бастамасы. Ол біздің көліктік және транзиттік өте маңызды жоба.  Іссапарда болдым да сол күні тұңғыш президентке көңіл айтуды жөн деп санадым,  –  дейді Смайылов.

Серіктес жаңалықтары