Қазақстан парламенті сенатының спикері Мәулен Әшімбаев елдегі ұлттық қордың қаражатын пайдалану тиімділігіне күмән келтірді. Сондай-ақ Үкіметтің осы қаражатты жұмсау туралы есебінің жоқтығын сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сенаттың жалпы отырысында депутат Сергей Карплюк Ұлттық Қордың қаражатына алынған "Самұрық-Қазына" қорының облигациялары неге тиімсіз болып шыққанын сұрады.
Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменовтің қаражатты бөлу рәсімдері бойынша жауабын депутаттық корпус сынға алды.
– Егер Самұрық-Қазына облигацияларды шығарып, оларды нарыққа берсе, нарықтың өзі олардың қаншалықты мақсатқа сай және ойға қонымды екенін бағалайтын еді. Яғни, нарық баға жоғары ма, жоқ па, бәрі пысықталды ма деген сияқты мақсатқа сай орындалған барлық есепті талап етеді. Мұнда біз "Самұрық-Қазына" облигациялар шығарған кезде Ұлттық Қор сатып алу және қандай да бір рәсімдерді оңайлатылған түрде жүргізуге болатын жүйені көріп отырмыз. Осы жобалардың жүргізілуі мен пысықталуын кім бағалайды? Жоғары аудиторлық палата қолы осы мәселеге жетті ме, - деп атап өтті Әшімбаев.
Сондай-ақ, палата төрағасының сөзінше, мұндай қағаздарды Ұлттық қор есебінен сатып алу кезінде парламентке хабарлау қажет болған. Алайда бұл орындалмаған.
"Бұл жағдайдың тағы бір аспектісі – есеп беру. Ұлттық қор қаражатын пайдалану тұжырымдамасында "Самұрық-Қазына" облигацияларын қаржыландыру және сатып алу мүмкіндігі көзделген. Бірақ өткен жылғы бюджет үшін есеп шеңберінде Үкіметтің Парламенттегі есебі де көзделген. Біз өткен жылдың бюджеті бойынша есепті қарадық. Онда Ұлттық қор қаражатын пайдаланудың осы бөлігі туралы ақпаратты көрмедік. Ақпарат жоқ. Осылайша, қаражатты пайдаланудың есебі бойынша проблемалар бар", - деп атап өтті Әшімбаев.