×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстан қажыларын алдап соққан туристік агенттік басшысы қамалды

25.11.2023, 11:20

Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті қажылық туризмін ұйымдастыру саласындағы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында «Zam Zam Qazaqstan» ЖШС туристік компаниясы басшысының Сауд Арабиясына қажылықты заңсыз ұйымдастырғанын әшкереледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, Сауд Арабиясы Корольдігі мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына ұқсас қажылық парызын өтеу үшін қажыларға берілетін визаның заңдылығын растайтын веб-сайттың құрылғаны анықталды.

Күдікті соттың рұқсатымен 22 қарашада қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Бұрын хабарланғандай, қазақстандық 120-ға жуық қажы «Zam-Zam Qazaqstan» жеке компаниясының құрбаны болды. Осы компанияның көмегімен қажылар, оның ішінде әйелдер мен қарт адамдар қажылыққа баруға ниеттенген. Алайда Меккеге келгеннен кейін оларды Сауд Арабиясы билігі құжаттарындағы сәйкессіздікке байланысты тоқтатты.

Серіктес жаңалықтары