×
$
447.14
€
500.35
₽
5.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.14
€
500.35
₽
5.24

Алматыда полицейді өлтіріп, тауда өртеп жіберген: іс прокуратураға жолданды

Бүгін, 15:05
Алматыда полицейді өлтіріп, тауда өртеп жіберген: іс прокуратураға жолданды
Ulysmedia коллажы

Алматы полициясы 37 жастағы жедел уәкіл Аслан Әлсеровтің өліміне қатысты тергеуді аяқтады. Қылмыстық іс сотқа жолдау үшін прокуратураға берілді. Полицейдің өліміне оның әйелі мен 14 жастағы ұлы күдікке ілінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Ulysmedia.kz ІІМ-ге сауал жолдады. Ведомство тергеу жұмыстары 29 қыркүйекте Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (ауырлататын мән-жайларда адам өлтіру) бойынша аяқталғанын растады.

ІІМ тергеу құпиясына байланысты басқа мәліметтерді жария етпеді.

Оқиға туралы

Оқиға 23 маусымда Алматы облысының таулы аймағында, Көкпек – Көктал – Кеген жолының 52-шақырымында болған. Сол жерде малшы өртенген адам денесін тауып алған. Қайтыс болған адамның оң қолынан арқанның қалдықтары табылған.

Марқұм Алматының Әуезов аудандық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Аслан Әлсеров болып шықты.

Тергеу нұсқасына сәйкес, қылмыс Алматыдағы отбасының пәтерінде жасалған. Кейін ізді жасыру үшін мәйітті 300 шақырым жердегі тауға апарып, өртеп жіберген.

Күдікке Әлсеровтің әйелі мен олардың 14 жастағы ұлы ұсталды. Марқұмның әйелі бұған дейін полицияда жұмыс істеген. Ерлі-зайыпты 15 жыл бірге тұрып, жеті бала тәрбиелеген.

Күдіктілерге 15 жылдан бастап бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Іс алғашында Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (адам өлтіру) бойынша тіркелген. Кейін қылмыс ауыр бапқа, яғни 99-баптың 2-бөлігіне қайта сараланған.