×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Валера деп ат қойды пеликанға. Күзде қайтпай қалған құс Қостанай тұрғынын паналаған

25.11.2023, 16:09

Аңшы Арыстан Әлемғожинов пеликанды көктемге дейін қолында ұстамақ. Бұл үлкен құс  қанаттарын жайып ұшуы үшін әлі біраз уақыт керек сияқты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Пеликандар Қостанай облысынан әдетте қыркүйек айында ұшып кетеді. Арыстан айтқандай, қазан айында олар болмауы керек бұл жақта. Алайда, дәл осы пеликан қалып қойған.

«Оның ұшып кетуге әл-дәрмені жетпеген сияқты... Кейде құстарға бірдеңе әсер етеді. Мүмкін өркениет оларға осылай әсер еткен шығар. Өйткені, біз олардың аумағына кіріп кеттік. Бұл негізі құстардың жері еді», – дейді Арыстан Әлемғожинов.

Аңшының сөзінше, пеликан бірдеңемен ауырып немесе жарақат алып қалуы да мүмкін. Оны әлі мамандар тексеріп жатыр. Ол ұзақ ұшуға әзірленіп үлгермеді ме?

Айтпақшы, маңызды сұрақтардың бірі - құсты немен тамақтандыру керек. Өйткені, ол жыртқыш және балықтармен қоректенеді. Оның күніне бір келіден астам тамақ жейтіні туралы ақпарат бар. Пеликандар басқа құстар мен ұсақ жануарларды, егеуқұйрықтар мен тышқандарды жағадан ұстап алып, жеп қойғанын көргендер бар.

Қазір пеликан ескі ас үйде тұрады, оған бұдан үлкенірек бөлме дайындалып жатыр. Арыстан құсқа қолайлы температураны сақтау үшін бөлмеге май жылытқышын орнатқан. Бірақ, соған қарамастан, аңшы құстар үшін бұл жағдай мүлдем қолайлы бола бермейтінін айтады.

Серіктес жаңалықтары