×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Павлодар тұрғыны мысығына сірке суын төккені үшін кешірім сұрады

25.11.2023, 17:38

Павлодарда мысыққа сірке суын төгіп алған қала тұрғыны анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Полицейлер жануарларға қатыгездік көрсету фактісін 24 қарашада әлеуметтік желілерді бақылау барысында білді. Бұл Павлодар қаласындағы кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейтін 1996 жылы туған әйелдің қылмысы екені анықталды. Оның мемлекеттік қызметке еш қатысы жоқ.

Бейнежазбадағы адам 23 қараша күні сағат 19.00 шамасында мысығына шынымен сірке суын тамызғанын мойындады.


«Жануарға қатыгездік көрсету фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталып, бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, оқиға болған жерде тексеру жасалды. Сараптама. тағайындалды.Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында», - деп хабарлады полициядан.

«Мен өзімнің әрекетім үшін кешірім сұрағым келеді (...)», - деді әйел камераға.һ

Серіктес жаңалықтары