×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Ұйқышылдыққа ем іздеп «мәңгілік ұйқыға» кетті

28.11.2023, 15:40
Иллюстрациялық фото

Ұйқышылдықты жеңуге көмектесемін деп, адам өліміне себеп болған Астана тұрғыны дәстүрлі емес медициналық қызметпен айналысқаны үшін сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекеттік айыптаушы абайсызда адам өліміне әкеп соққан баламалы шығыс медицинасымен айналысқан сотталушының кінәсін дәлелдеді.

«Сотталған азамат тиісті анықтамалары мен лицензиясы жоқ, медициналық қызметпен айналысқан. Емханаға ұйқышылдық шағымымен барған жәбірленушіге Қазақстанда рұқсат етілмеген дәрі-дәрмек берген. Бұдан кейін оның денсаулығы күрт нашарлаған. Науқас есін жимай, біраз уақыттан кейін қайтыс болды», – делінген елордалық прокуратураның хабарламасында.

Оралхан ҚОЖАНОВ

 

Серіктес жаңалықтары