×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Несие алуды шектеу: Сенат депутаттары заң жобасын мақұлдады

30.11.2023, 12:02

Заң жобасы жеке тұлғаларды қорғауды күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сенат депутаттары екінші оқылымда Egov.kz. арқылы банктік қарыздар мен микрокредиттерден өз еркімен бас тартуға мүмкіндік беретін заңды мақұлдады.

Бұдан бөлек, заң мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерімен интеграция болмаған жағдайларды қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жинауға, өңдеуге тыйым салуды көздейді.

Сондай-ақ, иммигранттар жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін ұсынуы керек.

Бұған дейін заң жобасын мәжіліс депутаттары мақұлдағаны хабарланған болатын.

Халықтың несиеге батуы

Қазақстанда 6 мың азамат 9 млрд теңгеден астам сомаға банкрот деп танылды. Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов халықты несиелендіру мәселесін шешуді тапсырды.

Несиелендіру мәселелерін түбегейлі шешу үшін премьер банктерде және алушылардың санаттарында тұтынушылық кредиттеу шарттары бойынша шектеулер енгізуді, әсіресе, "жалақыға дейін" заемдар беретін микроқаржы ұйымдарының кредиттеудің шекті мөлшерлемелерін, сомалары мен мерзімдерін қайта қарауын тапсырды.

20 қазанда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова ведомство тұтынушылық кредиттің ең жоғары сомасына шектеулер енгізуді ұсынатынын айтты. Қазақстандықтарға несиені кешірмейтінін мәлімдеді.

Еске саал кетейік, үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов адамдардың қарызға белшеден батуына қаржылық сауатсыздық себеп болып отырғанын айтты. Екі министрлікке халықтың қаржылық сауатын арттыру міндеті жүктелді.

Серіктес жаңалықтары