×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Сыныптастарына балтамен шабуыл: петропавлдық оқушыға үкім шықты

30.11.2023, 13:02
Фото әлеуметтік желіден алынды

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Петропавл мектебінде оқушыларға балтамен шабуыл жасаған жасөспірімге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сот жасөспірімді ҚР ҚК 99-бабы 24-бабының 3-бөлігі, 1, 9, 14-тармақтары бойынша кінәлі деп таныды (екі және одан да көп адамды өлтіруге оқталу) және кәмелетке толмағандарды ұстау үшін орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 6 жыл 9 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Осылайша жасөспірім оқушыларға қастандық жасап, өлтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды. Жәбірленушілерге моральдық өтемақы төлейді. Ол жазасын кәмелетке толмағандарға арналған түзету колониясында өтейді.

Еске салайық, 13 ақпанда Петропавл мектебінде балта және пышақпен қаруланған 9-сынып оқушысы 3 баланы жарақаттады

Белгілі болғандай, жасөспірімнің психикалық дерті барына қарамастан Алматы қаласының Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруға рұқсат берген. Балаларды жарақаттаған оқушы бастапқыда 2 айға қамауға алынды.

Осы оқиғадан кейін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жауапты министрліктерге оқу орындарында тексеріс жүргізуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары