×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Петропавл мектебіндегі қылмыс: Төрт министрге тапсырма берілді

14.02.2023, 09:17
фото: ашық дереккөзден

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Петропавлда балтамен мектепке кіріп, қылмыс жасаған баланың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бұл – өте қауіпті жағдай. Халықтың арасында үлкен алаңдаушылық тудырды. Балаларының қауіпсіздігіне алаңдамайтын отбасы жоқ. Мектептің ішінде де қауіптің барын көріп отырмыз. Сондықтан, бұл мәселені қайта қарап, оқу орындарына тексеру жүргізу қажет.
 
Бейнекамералардың санын көбейтіп, мектепке кіреберіс жерлерде бақылауды күшейту мәселесін қарау керек. Ішкі істер министрлігі келісілген ұсыныстарды енгізсін. Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен балаларды емдеуді ерекше бақылауға алсын», - деді ол.

Сондай-ақ, Оқу-ағарту министрлігі, ІІМ, ТЖМ-мен бірлесіп қауіпсіздік сабақтарын әзірлеу тапсырылды. Премьердің сөзінше, балалар әр түрлі жағдайда өздерін қалай ұстау керектігін нақты білуі тиіс.

Еске салайық, кеше Петропавл мектебінде балта және пышақпен қаруланған 9-сынып оқушысы 3 баланы жарақаттады

ІІМ мәліметінше, оқушы сағат 07:50-де 2-ші қабатта орналасқан әжетханада маскасын киіп, балтамен дәлізге жүгіріп, әуелі 10-шы сынып оқушысының басынан 2 рет ұрып, одан кейін 10-шы сыныпта оқитын қыздың иығанан 1 рет және басынан 2 рет ұрған және 9-шы сынып оқушысының басынан 1 рет ұрған. Шабуыл жасаған оқушыны жоғары сынып оқушылары  мен мұғалімдер ұстаған.

2 жәбірленуші қалалық емхананың стационарында жатыр, жағдайлары бірқалыпты. Бір оқушы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды.  

“Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заңды өкілі анасы болып анықталды. Күдіктінің психикалық денсаулығында проблема болған. Алматы қаласының Республиалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқуын жалғастырға рұқсат берген. Тергеу барысы бақылауға алынды, оның нәтижелері бойынша қылмыс мен заңды бұзудың себептері мен жағдайларының алдын алу туралы ұсыным енгізіледі”, – делінген ІІМ хабарламасында.

Айта кетейік, осы оқиғадан кейін Қазақстанның барлық мектептерінде қауіпсіздік жүйесі тексерілетін болды.

Серіктес жаңалықтары