×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Атырау облысында газ құбыры мемлекетке қайтарылады

01.12.2023, 08:08
Фото: Ашық дереккөзден

Премьер-министр Әлихан Смайылов төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында тауарлық газды тасымалдау саласындағы заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселесі қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде 2021 жылы жекеменшік компания Атырау облысында ұзындығы 200 метрден асатын газ құбырын төмендетілген бағамен және заңдылықты бұза отырып сатып алғаны анықталған. Атап айтқанда, «QazaqGaz» ҰК» АҚ ұлттық операторының газбен жабдықтау нысандарын сатып алуға басым құқығы туралы заң нормасы бұзылған.

Талқылау нәтижелері бойынша Комиссия газ құбырын беру жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану және мүлікті мемлекет меншігіне қайтару бойынша тиісті материалдарды сотқа жолдау туралы шешім қабылдады. Алдағы уақытта оны өңірдегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды газбен қамтамасыз ету үшін пайдалану жоспарланып отыр.

Премьер-министр осыған ұқсас жағдай қалыптасқан басқа да бірқатар кәсіпорындарда тиісті жұмыс жүргізу қажет екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары