×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Аурухана бухгалтері бюджет қаржысын жымқырған

01.12.2023, 11:47
Иллюстрациялық фото

Ұлытау облысының прокурорлары аурухана бухгалтерлерінің бюджет қаражатын жымқырып, өз мақсаттарына пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 «Прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекет мүдделерін қорғау. Ұлытау облысы Қаражал қаласының прокуратурасымен Жәйрем кентінің ауруханасында бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды.

Осы медициналық мекеменің «Б» және «T» бухгалтерлері 2021-2022 жылдары ауруханада іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға («өлі жандар» деп аталатындарға) 5,1 млн теңгені заңсыз аударған. Әрі қарай жымқырылған қаражатты аталған бухгалтерлер өз пайдаларына иемденген.

«Бұл факт бойынша прокуратурамен Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаны», – деп жазылған ақпаратта.

Қаражал қалалық соты үкім шығарып, Жәйрем кенті ауруханасының бухгалтерлері кінәлі деп танылып, оларға бас бостандығын шектеу түрінде  2 жыл және 3 жыл 6 ай мерзімге жаза кесіліп, мемлекетке келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылданғанын хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Серіктес жаңалықтары