×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Театр актері Асқар Наймантаев өмірден озды

02.12.2023, 10:09
Актердің әлеуметтік парақшасынан

Марқұм 58 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Асқар Әбдіғалымұлы Наймантаев 1965 жылы 17 маусым күні Алматы облысы Нарынқол ауылында дүниеге келген. Актер «Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы көпшілікке танымал. Республикамыздың эстрада өнерінің тарихында Асқар Наймантаев«Терісқақпай», «Аққу-Гәкку» комедиялық театрларын ашқан.

Асқар Наймантаев бірнеше пьеса, киносценарилер, тележобалардың, аудармалардың авторы. 2020 жылы Алматы облысы Райымбек және Ұйғыр аудандарында «Хантәңірі» және «Қарадала» театрларын ашқан. Оған 2008 жылдың 8 желтоқсан күнгі жарлығы бойынша «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілген.

2018 жылы Мұқағали Мақатев шығармасының желісімен “Аққулар ұйықтағанда” атты қысқаметражды көркем-поэтикалық фильм түсірді. 2019 жылы “Вампир күйеу” атты комедиялық фильм түсірді. 2020 жылы С.Мұқанов атындағы СҚО сазды драм театрының сахнасына “Меңдуана махаббат” атты комедияны сахналады. 

Асқар Наймантаев теле жүргізушы ретінде де “TamashaTV” арнасында “Бір ғанибет”, “Jastar TV”арнасында “Масқара шоу” хабарларын жүргізді. Ол хабарлардың, жоғарыда аталған фильмдердің сценарилерін өзі жазды. 2018 жылы студенттерге арналған “Конферансье - актер және көркемсөз шебері” кітабы мен “Алтын тордан шыққан ән” атты жинағы жарық көрді. "Домашние войны", “Бастық боламын”, “ОрыStar в Шымкентте”, “Детектив әже” ,"Туысқандар", "Бұйымтай", "Өсекшілер" "Внуки в ауле" комедиялық сериалдарында, Сатыбалды Нарымбетовтың "Аманат", Бақытас Санитастың "Тезек" фильмдердінде ойнады. басты рольдер сомдады.

Серіктес жаңалықтары