×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ақылы жол: Төлемнен қашқандарға айыппұл салынады

02.12.2023, 11:09
Ашық дереккөзден

Көлік министрлігі өкілдері ақылы жолда жүру ақысын төлемегендерге айыппұл қашан салынатынын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көлік министрлігінің автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті мамандары ақылы жолмен жүру ақысын күнтізбелік 7 күннің ішінде төлеу қажет екенін еске салады.

Бұл ретте, төлем жасаудың 20-дан астам әдісі бар. Атап айтсақ, QAJ mobile мобильді қосымшасы, Kaspi.kz, Kiwi-әмиян, Forte Bank арқылы есептесуге мүмкіндік бар.

Ал сегізінші күні Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 628-бабына сәйкес айыппұл есептеледі.

Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері — 5 АЕК, заңды тұлғалар үшін — 10 АЕК (2023 жылы 1 АЕК көлемі — 3 450 теңге).

«Әкімшілік жауапкершіліктің алдын алу үшін автокөлік иелері мен жүргізушілер ақылы жолдың ақысын уақтылы төлеуі керек. Сонымен бірге берешегі бар автокөлік иелерін тарифке сәйкес қарызын өтеуге шақырамыз» дейді министрлік өкілдері.

Серіктес жаңалықтары