×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қазақстандағы сенімсіз білім беру орындарының тізімі жарияланады

02.12.2023, 13:24
Ашық дереккөзден

Қазақстанда қауіптілігі жоғары 2,7 мың білім беру мекемесі тексерілмек. Оның құрамына 1,5 мың балабақша, 1,1 мың мектеп және 97 колледж кіреді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдері сапасыз оқу орындарының тізімін жасау үшін алғаш рет қауіпті нысандарды таңдаудың автоматтандырылған жүйесі қолданылғанын айтты.

Бағдарламада мұғалімдердің сапалық құрамы, материалдық-техникалық базасы, мемлекеттік білім беру стандарттары, үлгілік жұмыс ережелері және басқа да критерийлер талданбақ.

Министрлік ұйымдардың барлығын 2024 жылы қатаң тексеруге ниетті. Сенімсіз білім беру нысандарының тізімі 2023 жылдың 25 желтоқсанына дейін Білім министрлігі Білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің және Бас прокуратураның сайттарында жарияланбақ.

Серіктес жаңалықтары