×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Маңғыстау облысында Қызыл кітапқа енген арқарды атқан браконьерлер ұсталды

02.12.2023, 13:50
Ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында Қызылсай табиғи паркі мен «Жабайұшқан» мемлекеттік табиғи қаумалының мамандары Бөрібас жерінде кезекті рейд жүргізген. Оның  барысында Nissan Patrol автокөлігімен Жаңаөзен қаласының тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан Қызыл Кітапқа енген арқар табылды. Сондай-ақ 26 оғымен 1 аңшы мылтығы және 2 аңшы пышағы тәркіленді», деді «Жабайұшқан» мемлекеттік табиғи қаумалының басшысы Жұлдызбек Есенғалиев. 

Аталған дерек Маңғыстау аудандық Полиция бөліміне хабарланып, тіркелген. 

«Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», деп мәлімдеді Маңғыстау аудандық полиция бөлімі өкілдері.

Серіктес жаңалықтары