Угандада 70 жастағы әйел ЭКО бағдарламасы арқылы егіздерді дүниеге әкелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сәбилер Уганданың Кампал қаласындағы халықаралық әйелдер госпиталінде өмірге келді. Дәрігерлер әйелдің ұл мен қыз бала дүниеге әкелгенін айтты. Қазір ананың да, балалардың да жағдайы жақсы. Әйел кесір тілігі жолымен босанған.
Клиника қызметкерлерінің мәліметінше, Сафина – осы жаста ана атанған Африкадағы ең кәрі әйел. Ана бақытына ие болу үшін талай сыннан өткен. ЭКО жасату үшін бар қаржысын жұмсаған.