3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күні, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл күні 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарары қабылданған болатын. Мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірге деген ынтасын арттыру.
Бүгінде Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 719 мыңнан астам адам тұрады. Бұл күн қиындыққа тап болған азаматтардың жетістіктері және олардың қоғамның дамуына қосқан елеулі үлестерін тағы бір мәрте еске алуға мүмкіндік береді.
Мүгедектігінің болуына қарамастан көптеген қазақстандықтар түрлі салаларда үздік нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Бүгінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар жауапты лауазымдарға ие. Оның ішінде парламентте, облыстық және қалалық мәслихаттарда, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерде, білім беру мекемелерінде, медициналық салаларда, шығармашылықта және басқа да көптеген салаларда табысты еңбек етіп жүр.
Бұл адамдар өздерінің мүмкіндіктері шектеулі емес екендігінің жарқын мысалы болып табылады. Олар қоғамдық өмірге белсенді қатысып, өз бизнесін дамыту, спортта жетістіктерге жету сияқты толыққанды өмірден ажыраған емес.