×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

140 адам іздеді: Орманда адасып кеткен ерлі-зайыптылар табылды

21.10.2021, 19:03
Фото: ашық дереккөз

Адасып кеткен ерлі-зайыптылар Бәйтерек ауылынан 35 шақырым жердегі орман алқабынан табылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

20 қазанда сағат 23:53-те Зеренді аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Айдабол ауылының 36 жастағы тұрғынынан Сандықтау ауданының Құмдыкөл ауылында тұратын әкесі (1955 жылы туған) мен анасын (1954 жылы туған) табуда көмек көрсету туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Сол күні ерлі-зайыптылар Honda маркалы автокөлігімен дала жолымен Қошқарбай ауылына жолға шыққан. Жолда көлігінің дөңгелегінің желі шыққан. Ерлі-зайыптылар көлікті тастап, жаяу жүруді жалғастырды. Күн қарайғанда олар адасып кеткендерін түсініп, ұлына қоңырау шалған. Ол полицияға қиын жағдайға тап болған ата-анасы туралы хабарлап, көмек сұраған. Зеренді және Сандықтау аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамы ерлі-зайыптыларды іздеуге шыққан.  

Адасып кеткен зейнеткерлерді ұйқысыз және демалыссыз 140-тан астам адам іздеді, олардың ішінде жүзге жуық полиция қызметкерлері, 6 иті бар кинолог және 25 ЖҚАЖ қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қорықшылар, ТЖБ қызметкерлері бар.

21 қазан күні шамамен сағат 14:00-де ерлі-зайыптылар Бәйтерек ауылынан 35 шақырым жердегі орман алқабынан табылды. Ерлі-зайыптылар түнде орманда өте суық болғанын айтып, іздеп тапқан мамандарға алғыс айтты.

Серіктес жаңалықтары