×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Бишімбаевтың ісі БҰҰ сайтында жарияланды – мәжілістің вице-спикері

04.12.2023, 14:35
Коллаж: ulysmedia.kz.

Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың ісі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс төрағасының орынбасары Бишімбаевтың ісі "Қазақстанның имиджіне әсер еткенін" атап өтті.

– Мен бұл оқиға жайлы ақпарат БҰҰ сайтында жарияланғанын білемін. Бірақ сенсеңіз, мұндай оқиға кез келген елде болуы мүмкін. Солай болды. Әрине, біз үшін, Орталық Азия әйелдерінің диалогына төрағалық ететін ел ретінде (БҰҰ қолдауымен ұйымдастырылған Астанадағы конференция) бұл оқиғаның орын алғаны өкінішті. Мен қайғыра көңіл айтамын. Бұл оқиғаны әлеуметтік желілерде оқыған сайын жүрегім ауырады. Болмауы керек еді. Бүгін біз статистиканы келтіре отырып, әдетте зорлық-зомбылық тұрмысы нашар отбасыларда болады дейміз. Бірақ бұл жағдайда ауқатты отбасы, білімді адам... Өте қорқынышты. Мұндай жайт табиғатта мүлде болмауы керек еді, – дейді ол.

Еске салайық, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.

Қайтыс болған Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов "Бишімбаевты ақтауға тырысқан" блогерлерді айыптай сөйлеп, экс-министрді туыстары ешқашан кешірмейтінін мәлімдеді.

Қылмыстық іске президент Қасым-Жомарт Тоқаев та назар аударып, істі ІІМ басшылығына ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары