×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ақтауда құрылыс компаниясының директоры үлескерлердің 400 миллион теңгесін жымқырған

05.12.2023, 09:57
Ашық дереккөзден

Ақтау қаласында орналасқан құрылысы аяқталмаған «Атамекен» тұрғын үй кешеніндегі инвесторлардың сеніп тапсырылған ақшасын ысырап ету және жымқыру фактісі бойынша «Багис» ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ulysmedia.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, «Багис» ЖШС директоры «2017 жылдың наурызынан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтаймыз» деген желеумен 119 үлескердің 400 миллион теңгеге жуық ақшасын жымқырған.

«Багис» ЖШС директорына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Қазіргі уақытта қосымша сот-медициналық сараптамалар күтілуде. Оның қорытындысы бойынша күдіктінің әрекетіне түпкілікті құқықтық баға беріледі.

 

Серіктес жаңалықтары