×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Хиджап кигізбесе мектепке бармаймын»: Бейсембаев ата-аналарға үндеу жасады

05.12.2023, 11:17
Коллаж Ulysmedia

Қарағанды мектептерінің бірінде орамал (хиджаб) кигізуге тыйым салынғандықтан, оқушылардың кейбірі мектепке барудан бас тартқан. Бұл мәселеге қатысты оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бұл мәселенің түйіні айтылған. Жалпы, білім мекемелері оқу мен тәрбие беруге арналғандықтан, оларды да дұрыс түсіну керек. Мектепке бала келгеннен кейін форманы сақтауы, мектепішілік тәртіпке бағынуы тиіс. Ата-аналардың ең басты мақсаты – балаларының білімді әрі мықты азамат болып қалыптасуы. Сондықтан да, ата-аналарға басты мәселеден ауытқымауымыз керек екенін айтқым келеді. Әр ата-ана мен мектеп баланың ертең мықты азамат болып қалыптасуына жұмыс істеуі керек. Бұл бағытта маған шағым келіп түскен жоқ. Себебі, барлық білім мекемелерінде тиісті заңды орындауға білім мекемелері міндетті. Бұл бағытта жұмыс жалғасады. Ата-аналар аталған мәселеге түсіністікпен қарап, баланың бақытты әрі мықты азамат болуына жқмыла үлес қосуымыз тиіс. Бұл мәселені ары қарай өрбіте беру ертеңгі жас ұрпағымызға еш пайдасын тимейтінін түсінетін уақыт келді деп ойлаймын»,  - деді министр.

Серіктес жаңалықтары