×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Алаяққа алданды: жұмысқа тұру үшін 2,5 миллион берген

06.12.2023, 17:20
Ашық дереккөзден

Шымкент қаласының тұрғыны ұлын жұмысқа орналастырамын деп 2,5 млн теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тұран аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс ер адам өзінің байланыстары арқылы оның ұлын қалалық әуежайдың қауіпсіздік бөліміне жұмысқа орналастыруға уәде беріпті. Ол осы қызметі үшін 2,5 миллион теңге алып, ізін суытқан.

Аталған жайт бойынша Тұран АПБ-ның анықтаушылары Қылмыстық кодекстің 190-бабымен тергеу амалдарын бастады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде тәртіп сақшылары 41 жастағы күдіктіні анықтап, полиция басқармасына жеткізді. Қазіргі таңда полицейлер барлық айғақтарды жинап, қылмыстық істі айыптау актісімен бірге сотқа жолдаған.

Серіктес жаңалықтары