×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Димаш Құдайберген қытайлық фильмді дубляждады

07.12.2023, 15:03
Ашық дереккөзден

Қытайдың China Media Group Орталық радиосы мен телеарнасы «Weibo» әлеуметтік желісінде танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген дубляждаған мифологиялық көркем фильмді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ғажайып Шын-нуң» деп аталатын фильмде қытай мифологиясындағы «Шын-нуң» деген ұлы тұлғаның тарихы баяндалады. 

Қытай мифтері мен аңыздарына сүйенсек, «Шын-нуң» адамдарға бидай өсіруді, киім тігуді, шөптен дәрі жасауды үйретеді. Ол – қытай мифологиясындағы адамзат баласы өркениетінің дамуына бағыт-бағдар берген сиқырлы тұлға. 

Қытайлық БАҚ хабарлауынша, фильмді қазақ тілінде дубляждау үшін қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді арнайы шақыртқан.

Серіктес жаңалықтары